- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда жыл соңына дейін 207 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Таразда жыл соңына дейін 207 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Спикердің айтуы бойынша, пәтерлерді іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін болады.
Жамбыл облысының әкімдігінде хабарланғандай, құнына келетін болсақ, тұрғын үйді кейіннен сатып алумен ай сайынғы жалдау төлемі бір шаршы үшін 1110 теңгеден аспайды. Осылайша, ауданы 50 шаршы метр пәтерді кейіннен сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 мың теңгені құрайды. Ипотекаға қарағанда, мұнда алғашқы салым керек емес және 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғын үй иелерінің меншігіне айналады.
А. Құртаевтың айтуы бойынша, жалпы өңірлер бойынша қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар объектілер құрылыстың белсенді немесе аяқталу кезеңінде. Осылайша, жыл соңына дейін Қызылорда, Тараз, Қостанай, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Жалпы алғанда, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бүгінгі таңда Қазақстанның 14 өңірінде тұрғын үй объектілерінің құрылысына 44 инвестициялау шартын жасаған.
«2016-2017 жылдары республика бойынша барлығы 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді немесе 11 000 астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл «Бәйтерек Девелопмент» желісі бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық отбасы кепілдікті түрде тұрғын үй алатынын білдіреді», - деп қорытты Асылжан Құртаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі

