- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО ұстаздары Франциядан тәжірибе алмасуы мүмкін (ФОТО)
ОҚО ұстаздары Франциядан тәжірибе алмасуы мүмкін (ФОТО)
Өңір басшысы шетелдік қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктерін және туризм бағытындағы жұмыстарды мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы халқы көп шоғырланған аймақ екенін айтқан ол келер жылы Шымкент қаласының халқы 1 миллионға жететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, облыста ірі уран өндіруші кәсіпорындар мен мұнай өңдеу зауыты бар екенін және облыс көкөніс пен жеміс кластерінің орталығы болып табылатынын жеткізді. Ташкентпен шекаралас жатқан аудандарда қауын-қарбыз өсіріліп, шетелге, оның ішінде, Германияға экспортталып отырғанын айтты.
Сондай-ақ, индустрия саласын дамытуда облыс республикада көш бастайтынын xабарлаған әкім өңірде бүгінде 7 индустриалды және 1 арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеп тұрғанын атап өтіп, онда жеңіл және ауыр өнеркәсіп орындары мен тоқыма фабрикалары сәтті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Өз кезегінде Елші Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жыл сайын дамып келетінін айтып, туризм, индустрия және білім бағыттарында әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, мәртебелі мейман Оңтүстік Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыс орнату мақсатында Франциядағы түрлі сала мамандарының өкілдерімен арнайы келгенін жеткізді.
Кездесу барысында Франсис Этьен Қазақстан Франциямен қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында барлық жағдайды жасап отырғанын, яғни бұған дейін виза ұзақтығы 15 күн болса, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 күнге ұзартылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Францияға қысқа уақытқа келуші қазақстандықтар үшін визасыз мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді.
Жиын соңында өңір басшысы Қазақстан мен Франция күндеріне байланысты сол елдің өнерпаздары мен кәсіпкерлерін Оңтүстік Қазақстан облысында көргісі келетінін және осы күндер аясында француздық тауарөндірушілердің көрмесін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, әкім
мектеп пен жоғары оқу орындарының мұғалімдерін аталған елге тәжірибе алмасуға жіберу жайын қарастыратынын айтты.
Жұмыс сапары екі күнге жалғасатын франциялық делегаттарға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар туристтік және тарихи орындарға инфотур ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары