- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттады
Астанада халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттады
Аталған шараға ҚР Денсаулық сақтау жән әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, әйгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстанның барлық аймақтарындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері (1300-ден астам адам) қатысты.
Өз әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Тамара Дүйсенова халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің ерен еңбегінің нәтижесінде мыңдаған адамға қамқорлық пен күтім жасалып жатқанын атап айтты.
«Құрметті әріптестер және әлеуметтік саланың ардагерлері! Сіздер күн сайын адамдарға өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге көмектесіп келесіздер. Әрдайым азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлеріңізді салатындарыңыз баршамызға аян. Мүгедектер, көп балалы отбасылары және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сіздердің мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік және әрдайым қол ұшын беруге дайын елгезектік сияқты адами қасиеттеріңіздің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді. Құрметті әріптестер, қадірлі ардагерлер! Өз атымнан және Қазақстан халқының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен - әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер әлемдегі ең ізгі әрі қиындығы мол мамандықтың бірін таңдадыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары біліктілікті, таңдалған кәсіпке деген адалдықты, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Шын жүректен сіздердің жанкешті еңбектеріңізге, мейірімділік пен төзімділіктеріңізге, халықтың әлеуметтік осал тобына деген ыстық ықыластарыңызға алғыс білдіреміз!» - деді Тамара Дүйсенова.
Салтанатты шара аясында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары 5 номинация бойынша марапатталды:
- «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» - ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау мен көші-қон комитеті Алматы қаласы бойынша №1 департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ризвангуль Дараева;
- «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері» - Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАҚ филиалының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Сарыарқа аудандық бөлімінің жетекшісі Марина Пушкарева;
- «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» - Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметітк бағдарламалар басқармасы Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту мен бейімдеу орталығының директоры Марал Шлыкова;
- «Үздік әлеуметтік қызметкер» - Күшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің дефектолог-мұғалімі Вероника Протопопова;
- «Халықты жұмыспен қамту жүйесінің үздік қызметкері» - Қызылорда қаласы Жұмыспен қамту орталығының жоғарғы санатты маманы Алтай Мұханов.
Сонымен қатар, бүгін «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» және «Үздік үкіметтік емес ұйым» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды. Олар: «Өскемен қалалық балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» медициналық-әлеуметтік ұйымы мен Павлодар облысының «Өмір» Оңалту шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Салтанатты шара Қазақ ССР Халық әртісі Роза Рымбаеваның, Қазақстанның халық әртістері Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиеваның және өзге де қазақстандық орындаушылардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады