- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 250 орындық жаңа емхана пайдалануға беріледі
Жамбыл облысында 250 орындық жаңа емхана пайдалануға беріледі
«Еліміздің тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көңіл бөлінді. Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теңге бөлінді, яғни 4,4 есеге өсті. Жамбыл облысы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек 25 жаңа амбулатория, фельдшерлік пункттер халық игілігіне тапсырылды. Мұның бәрі облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мен өміршеңдік деңгейін арттыруға бағытталып отыр»,-деді аймақ басшысы.
Жаңа емхана барлық талаптарға сай келеді. Бір мезгілде 250 адамның ем қабылдауға мүмкіндігі бар. 579 478 мың теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынған.
«Жасым 70-тен асты. Еңбек ардагерімін. Бүгін ауданымызда мынандай сән-салтанаты жарасқан жаңа емхананың ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл біз сияқты қарттарға да жасалған қамқорлық деп ойлаймын. Жас кезімізде мұндай ғмараттар, құрылғылар өте аз еді. Енді міне бәрі қолжетімді. Бұның бәрі елміздің дамып, өркендеп келе жатқандығының, Тәуелсіздігіміздің арқасы. Бар мүмкіндікті жасап жатқан Елбасымызға алғысым шексіз»,-деді аудан тұрғыны Дәут Қадрханов.
Мұнан соң облыс басшысы Меркі ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен 2017 жылы құрылысы аяқталатын Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір қарқынды жүріп жатқан қызылша жинау науқанын да назардан тыс қалдырған жоқ. Мәселен "Сыпатай батыр" ЖШС биыл 200 га жерге балтамыр еккен. Бүгінде гектарынан 500-600 центнер өнім алуда.
Аймақ басшысы Меркі ауданындағы жұмыс сапары барысында бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын да назарға алды. Тиісті мамандарға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Сапар актив жиналысымен қорытындыланды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар