- Басты
- Жаңалықтар
- «Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуді жоспарлауда (ФОТО)
«Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуді жоспарлауда (ФОТО)
Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Бірінші вице-министрі Альберт Рау, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі атынан Әкімнің орынбасары Жақып Бөкенбаев және «Шымкентцемент» АҚ атынан директоры Мустафа Авджы қол қойды.
Осы келісімнің аясында «Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуге мiндетті, ал жергілікті атқарушы орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеуге құқылы, деп хабарлады ИДМ.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия сыйымдылығының ЖІӨ 25 пайызға төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылған. Қазіргі уақытта 5042 ұйым субъектілермен мемлекеттік энергетикалық реестр жасалған. 2000-нан астам реестр субъектісі «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңына сәйкес энергетикалық аудит жүргізуге міндетті. Бүгінгі таңда 606 субъект энергетикалық аудит жүргізіп үлгерді.
Соның барысында жалпы пайдаланғандардың ішінде барлық реестр субъектілерінің үлесі мынадай болды. Мәселен, Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланғаны 63%, заңды тұлғалар 35%, ал, мемлекеттік мекемелердің үлесі 2% құрайтыны анықталды. Аталмыш реестрден елдің энергия ресурсының 30%-дан астамын пайдаланатын 50 өндірістік кәсіпорын алынып тасталды.
ҚР Инвестиция және даму министрлігі энергосервистік келісім тетігі арқылы жүзеге асыруға дайын жобалардан тұратын энергия тиімділік Картасын жасады. Бүгінгі таңда энергия сервистік қызмет операторына энергия тиімділік Картасына қосылу үшін 65,12 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 105 тапсырыс түсті. Жыл соңына дейін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (бүгінгі күні кәдімгі шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру бойынша 3 жоба жүзеге асуда – «Қазпошта» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС және «ТАТЭК» ЖШС, сонымен қатар, USAID жобасы).
Бірқатар өңірде 2016-2020 жылдарға арналған кешенді энергия тиімділік жоспары бекітілді (БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ОҚО, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Атырау және СҚО).
Аумақты дамыту бағдарламасына жақын 5 жылдықта энергия үнемдеу секторын дамыту жоспары мен жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағытын және аймақтың ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша мақсатты индикаторын белгілейтін энергия үнемдеу мен энергия тиімділік бойынша тарау қосылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру