• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша 4 аудандық емхананың құрылысы жүруде – С. Ескендіров

СҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша 4 аудандық емхананың құрылысы жүруде – С. Ескендіров

6 Желтоқсан, 2013 14:15
Солтүстік Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» облысында 250 ауысымды қамтамасыз ететін бойынша 4 аудандық емхананың құрылысы жүруде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында СҚО әкімі Самат Ескендіров хабарлады.

«2013 жыл бойынша өсім саны 2,2 пайызға көтерілді, жалпы өлім-жітім саны 3 пайызға, сәби өлімі 23,7 пайызға, түберкулезге шалдығу 18,6 пайызға төмендеді. Жоғары сапалы көмек көрсету аясында жүрекке және өзге дене мүшелеріне 675 ота жасалды», - деді С. Ескендіров.

Оның айтуынша, облыста денсаулық сақтау саласына нақты мақсаттар қойылуда. Ауылдарда сапалы қызмет көрсетудің жағдайы да назарда. Қазір 250 адам ауысымын қамтамасыз ететін 4 аудандық емхананың құрылысы жүруде.

2013 жылы медицина саласының жалпы қаржыландырылуы 26 млрд теңгені құрады.

«Облыста 224 дәрігер жетіспейді. Ауылдық жерде-84 кадр. «Жипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша облысқа биыл 45 дәрігер келді. Олардың барлығы баспанамен қамтылған, оларды тұрғын үймен қамтумен жас маман келген медицина орталығы қамтамасыз етеді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар