- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды (ФОТО)
Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды (ФОТО)
Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісі бойынша қойылған спектакльді көрсетіп, Гран-при иеленді.
Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева, сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының артистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – Кеңес Нұрланов, ҚуандықҚыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері - Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті.
Қаллеки театрының жеңісі Астанадан барған қатысушылардың жалғыз жетістігі емес.Елордалық «Жастар» театрының ұжымы да VI Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен (қоюшы режиссёрі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, «Жастар театры» үшін бұл мерейтойлық маусым – ұжым алғаш рет 10 жыл бұрын сахнаға шыққан. «Жастар театры» мерейтойлық театр маусымын біраз жеңістермен атап өтті. Театрдың шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласында XXIV Республикалық драма театрларының фестивалінде Гран-при алса, Беларусь Республикасында ХХI «Белая вежа» Халықаралық театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы «Поэтикалық әфсананы көріністі жеткізу» арнайы сыйлығына ие болды. Орталық Азия мемлекеттерінің театрларының фестиваліндегі жеңістері - ұжымның маусым басталғалы қол жеткізген үшінші жетістігі.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық