- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да пациенттердің дәрігерлермен өзара іс-қимылының инновациялық сайты іске қосылды
ШҚО-да пациенттердің дәрігерлермен өзара іс-қимылының инновациялық сайты іске қосылды
Шығыс Қазақстан облысында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру үшін әлемдегі денсаулық сақтау саласының соңғы жаңалықтарының бірі болып табылатын phr.kz инновациялық сервисі іске қосылды. Әсіресе бұл сайт шалғайдағы аудандардың тұрғындары үшін процесті оңайлатады.
Портал емдеу процесін басқара алатын пациенттің денсаулығы туралы деректер жиналатын дербес электрондық медициналық карта болып табылады. Барлық деректер құпия болады. Пациенттің рұқсатынсыз оның медициналық деректері дәрігерге де жабық болады.
«PHR мақсаты – толық және дәл жеке медициналық тарихнаманы ұсыну, оны онлайн таратуға болады. Денсаулық туралы деректер пациент енгізген немесе медициналық жүйелерден алынған үзінді көшірмелерді, зертханалық нәтижелерді, қашықтықтан мониторингілеу құрылғыларының өлшеу деректерін қамтуы мүмкін», - деп атап өтті «Human Development Group» АҚ даму жөніндегі директоры, медициналық ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшы Руслан Безруков.
Рhr.kz сервисі қабылдауға қашықтықтан жазылуға мүмкіндік береді, мамандандырылған call-орталықтардың жұмысына арналған құрал болып табылады, қашықтықтағы медициналық көмекті ұйымдастыру үшін бірегей функционал және шешімдер ұсынады.
ШҚО-да жобаны енгізудің бірінші объектісі Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы (ШҚО) болды. Қазіргі уақытта контентті дәрігерлер, олардың жұмысы, прейскурант туралы ақпаратпен толтыру жүріп жатыр.
ШҚО-ның ақпараттық орталығында хабарлағандай, бұдан әрі өңірдің басқа да медициналық мекемелерін қосу жоспарланып отыр.
«Денсаулық – бұл денсаулық сақтау жүйесінің және адамның өзінің ортақ қызметі. Сондықтан бүгін біз пациентті диагностика және емдеу процесіне тартуымыз қажет. Мұндай тәсіл қан айналым жүйесінің аурулары бар пациенттер үшін ерекше маңызды», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы