• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Жақсыбеков: Мемлекеттік қызметкерлердің этикаға жатпайтын әрекеттері қатаң жазаланады

Ә.Жақсыбеков: Мемлекеттік қызметкерлердің этикаға жатпайтын әрекеттері қатаң жазаланады

28 Қазан, 2016 11:08
ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерді этикаға аса көңіл бөлуге шақырды. Этикаға жатпайтын әрекет қатаң түрде жазаланады.

«Мемқызметкерлердің арасында этиканың сақталуына  аса назар аудару қажет.  Елбасының Жарлығымен  этикалық кодекс қабылданды,  этика бойынша құзыретті органдар анықталып,  орталық және жергілікті атқарушы органдарда  этика бойынша кеңес құрылды. Барлығы интернетке, әлеуметтік желіге бірден тарайды», - деді ол.

Ә.Жақсыбеков атап өткендей, соңғы кездері жеке жетекшілердің өзін-өзі ұстауы қоғамда үлкен пікірталас туғызды.

«Алматы облысы Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі  өзінің қабылдауына келген тұрғынмен  дөрекі сөйлескен болатын. Оңтүстік Қазақстанда  төбелес кезінде аудан әкімін соққыға жықты.  Тек Президент әкімшілігі араласқан соң ғана  әкімдіктер мен аймақтық агенттік департаменттері әрекет етіп, қажетті шараларды қолданды. Тәртіпбұзғандар жұмыстан  қуылды. Сіздер осы сынды әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделіне әсер етіп,  билікке деген сенімсіздіктің арттыратындығын білулеріңіз керек. Мемлекеттік қызметкерлердің этикаға жатпайтын әрекеттері қатаң жазалануы керек», - деді Ә.Жақсыбеков.

Барлық жаңалықтар