- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету талқыланды
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету талқыланды
Жиналыс жұмысына Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Даму» Қоры АҚ тәуелсіз директоры Серікбай Бисекеев, «EXPO» ұлттық компаниясының басшылары, сараптамалық топтың мүшелері, «АstanaInnovations» және «Аstana LRT» компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Отырыста Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге, ұйымдастырушылық шаралар қабылдауға және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты тапсырмалары мен ұсынымдарын орындаудың алдын ала нәтижелері талқыланды.
Үш ай ішінде сараптамалық топ белгілі бір жұмыстар атқарды. Бірқатар нормативтік құқықтық жобалар және көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға енгізілетін түзетулер дайындалды. «EXPO-2017» Сіздің қауіпсіздік жөніндегі гидіңіз» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Халықаралық сарапшылардың консультативтік көмегі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қабылданып жатқан ұйымдастырушылық шаралары шеңберінде антитеррористік оқулар, полицейлер мен профайлер мамандарды оқыту, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру жүргізілді, «Құқық бұзу картасы» интернет-порталының техникалық жобасы әзірленді. А.ж. қарашасынан бастап көрме объектілеріне қол жеткізуді тіркеу жүйесі енгізілмек. Әуе кемелері мен аэровокзалды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Астанада қылмыстардың ай сайынғы тіркелуінің 20,5%-ға азаю динамикасы байқалады.
Отырыс барысында тәуелсіз сарапшы С.Бисекеев әлемнің дамыған қалалары үлгісінде елордадағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша Бас Прокурор сараптамалық топқа нормативтік актілер жобаларын әзірлеу сатысын аяқтау және оларды практикалық іске асыруға көшу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті. Барлық пайдалы ақпаратты басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 14 шілдесінде Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланған және «EXPO-2017» көрмесін дайындау және өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданған болатын.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет