ҚР-да «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы құрылды

6 Желтоқсан, 2013 15:15
Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде бастамашыл азаматтар тобы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының құрылғанын мәлімдеді.

Тарату мәлімдемесінде жаңа Қозғалыстың миссиясы Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында мәлімдеген саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіргізу.

Қозғалыстың бастаушысы ретінде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі, жас қоғам қайраткері және кәсіпкер Данат Жумин, биотехникалық коллективтік қолдану бойынша Ұлттық ғылыми лабароториясының ғылыми қызметкері Айша Искакова, еліміздегі атақты кардиохирург Дмитрий Горбунов, Казкоммерцбанктің басқарма мүшесі Мағжан Әуезов, кәсіпкерлер Рүстем Қарымов пен Мұхтар Манкеев, Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметов, Назарбаев Университетінің жер туралы ғылым орталығының директоры Асқар Мунара, Өскемен титан-магнит комбинатының инженері Мұхамеджан Мәліков, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департтаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев, алдыңғы қатарлы шет елдік университеттердің түлектері Наргис Сағынов пен Ұлжан Райымжанова және де бірқатар жас мамандар мен түрлі сала өкілдері бар. Қозғалыстың жетекшісі болып Данат Жумин сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, Жалпыұлттық қозғалыс құру идеясы Мемлекет басшысының ұсынысы еді. Биылғы жылдың 29 қарашасында Елбасы «Болашақ» стипендиясының 20 жылдық мерейтой форумына қатысушыларына айтқан сөзінде: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл біздің 21 ғасырдағы ұлттық идеямыз. Ол біздің халық ұмтылатын ұлы істерге бастайды. Мен сіздермен бұрыннан беру ойда жүрген идеяммен бөліскім келеді. «Болашақ» бағдарламасы негізінде «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынамын», - деген еді.

Қозғалыс қазақстандық мемлекеттіліктің негізінде жатқан құндылықтар – ұлттық бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім, азаматтық теңдік және үш тұғырлы тіл, толеранттылық, сонымен қатар қазақ елінің бай дәстүрі мен тарихының баяндылығын мақсат етеді. Қозғалыс белсенділері Қазақстанның дамуының негізгі кілті еркін нарықтық экономикаға бейімделу, демократия, зайырлы сипат пен қоғамдағы құқықтық тәртіп дейді.

Қозғалыс көшбасшылары Қазақстанның гүлденуі елдің болашағына өзіндік жауапкершілік алғанда, оны сыйлап адал еңбек еткен жағдайда ғана орындалатынына сенеді. Елдің алдағы даму жолының басты мәні қоғамды ұлттық техникалық жаңалықтарға жеткізу, ғылым мен инновацияға, кәсіпкерлікке ден қоюына байланысты. Қозғалыс қоғамдық құрылымның трансформациялығына және жалпыға ортақ еңбек қоғамында әр азамат өзін тең құқылы азамат ретінде тану мәселесіне мән береді. Осылардың басындағы басты мақсат – Қазақстан Республикасының әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіргізу болып табылады.

Қозғалыстың есігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Стратегиясы «Қазақстан-2050» идеясын қолдайтын және соған өзінің үлесін тигізуге ниетті әр қазақстандық үшін айқара ашық.

«Біз елімізді үздік 30 елдің құрамына сүйреу үшін бірігуді ұйғардық. Оған ең алдымен бізге Елбасының өзі жетекшілік етеді. Біздің қолымыздан келер барлық нәрсені осы жолда істеуге аянып қалмаймыз. Және де осы жолда өзімізді жауапты санаймыз. Бір кездері мемлекетіміз бізге сеніп шет елде оқу мүмкіндігін берді. Енді біздің қайтаратын кезіміз келді. Азаматтық борышымызды өтер жолында адал еңбек ететін боламыз», - дейді көшбасшы Данат Жумин. 

 

Барлық жаңалықтар