- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігіне баса назар аударуды тапсырды
ҚР Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігіне баса назар аударуды тапсырды
Кездесуде Қ. Бишімбаев Елбасыға Қазақстанның биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен экономиканы қолдаудың негізгі тетігі болып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, экономиканы қолдау және басты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджет пен ұлттық қордан бөлінетін қаражатты ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.
Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында 2016 жылғы 9 айда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 0,4%-ға өскенін атап өтті.
«Құрылыс және көлік саласы, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы экономика өсімінің негізгі қозғаушы күші (драйвері) болып саналады. Көлемнің артуы құрылыста – 6,9%, ауыл шаруашылығында – 4,9%, көлік саласында – 4%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6% болып отыр. Сонымен бірге металлургия мен фармацевтика өнімдерінің, азық-түлік пен мұнай өңдеу өндірісінің мөлшері артқаны байқалады», – деді Қ.Бишімбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясындағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші институционалдық реформаның орындалу барысы жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары