- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды
Сенатта мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды
Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына аудит және бағалау жүргізудің жаңа жүйесін енгізу туралы Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарында бастама жасағанын еске салды.
С. Громовтың айтуы бойынша, бұрын қолданыста болған бақылау жүйесі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмеген, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін тәуелсіз бағалау болмаған. Вице-спикер атап өткендей, жаңа заң бұрынғы жүйенің кемшіліктерін жоя отыра, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау түсінігінің өзін, оның қағидаттарын, түрлерін, функцияларын және құралдарын айқындайды.
Өз кезегінде, сенатор Ольга Перепечина өз баяндамасында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның сәтті іске асырылуына кедергі келтіретін проблемаларға және осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болашағына тоқталды.
«Бүгін заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс бірқатар мәселелер мен бірқатар проблемалар орын алады. Осындай проблемалардың бірі заң бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сертификаттаудан өтуі тиіс мемлекеттік аудиторларды жұмысқа орналастыру мәселесі деп санаймын. Бұл жерде мемлекеттік аудит органдарына сертификаттаудан өтпеген аудиторлар жұмыс істейді ме деген сұрақ туындайды. Оларға қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі ме? Бүгін біз мемлекеттік аудиторлардың кадрлық құрамы, мемлекеттік аудиторлардың өз жұмысының қорытындылары үшін жауапкершілігін арттыру туралы да айтып отырмыз», - деп хабарлады О. Перепечина.
Осылайша, сенатордың пікірі бойынша, қызметтік және кәсіптік этика бұзылған жағдайда, аудиторлық есеп дұрыс құрастырылмаған кезде, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары бірнеше рет бұзылған кезде заңға Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудит сертификатын кері қайтару рәсімін реттейтін норманы енгізу қажет.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары