- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасының тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды
Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасының тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды
Кездесуде Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ трансформациялау және жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Аталған кезеңде қордың қаржылық және өндірістік көрсеткішінің өсімі оң қарқын алғаны байқалады. Мәселен, оның табысы былтырғымен салыстырғанда 15%-ға өсті.
Жекешелендіру бағдарламасы аясында қор тобының 216 нысанын бәсекелік ортаға шығару жоспарланып отыр. Бүгінгі күні экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 133 активтің сатылу әдісін мақұлдады. Қазірдің өзінде жалпы құны 7,4 млрд теңге болатын 39 актив сатылған.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының трансформациялау бағдарламасының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады