- Басты
- Жаңалықтар
- NEWENERGY байқауында су электр станциясының жаңа түрі таныстырылды (ФОТО)
NEWENERGY байқауында су электр станциясының жаңа түрі таныстырылды (ФОТО)
Санкт-Петербордан келген Андрей Казанцев су тасушының көмегінсіз шөлдерде алқаптарды қалыптастыру жобасын таныстырды. Оның басты тетігі су электр станциясының жаңа типі.
«Табиғатта күн энергиясының төрттен бірі су маңында болады. Су ауада конденсатталып жаңбыр болып жерге жауады. Тау басында қалғандарын біз су электр станцияларына өзен ретінде пайдаланамыз. Асылында, бұл энергиямен күн 200 есе көп қамтамасыз етті. 100 жыл бұрын Тесла бір идея айтқан болатын, егер бұлттан энергияны алуға болса , энергетикалық және су мәселелері баяғыда шешілер еді. Мен тұман мен бұлттың жиналуы жүйесін жерде қолдануды ойлап таптым. Кейбір елдерде торлар тұманды өткізіп, 20 пайыздан 50 пайызға дейін ылғал өнідіреді. Біз бұл жүйені қолдансақ, бұлттан су алып, гидроұңғыма арқылы жерге ағызамыз. Бұл ең арзан тәсіл», - деді А.Казанцев.
Оның айтуынша, бұл идея нәтижесінде шөлде шынайы шұрай құруға болады.
«Жерде миллиардтаған адам сусыз күн кешіп отыр. Ал су үстімізде екі шақырымда тұр. Бұлт – жақын құдығымыз. Бір торды көтеретін болсақ, су төгіледі. Біз шөлдерде жазира құрып, сумен халықты қамтамасыз ете аламыз. Мысал, Мальтада жарты милиион адам суға тапшылық етіп отыр. Онда шарап судан арзан тұрады. Олардың мәселесі шақырымдық тор құрып, су өндіріп алумен шешіліп отыр», - деді ол.
Сонымен қатар маңызды шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, NEWENERGY global startup fest байқауы әлемдік аренада еліміздің инвестициялық әлеуетін көтеруге және инновациялық және стартап жобаларды Қазақстанда дамытуға жол ашады.
Халықаралық стартап жобаларға әлемнің 55 елінен 784 өтініш келіп түскен. Байқауға АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, Канада, Израиль, Франция, Индонезия, Норвегия, Швеция, Ирландия, Үндістан, Түркия, Дания, Финляндия, Швейцария және т.б. мемлекеттер қатысуда.
Шараға 1 500 қатысушымен бірге халықаралық инвесторлар, венчурлық қорлар мен акселеторлар, ғылыми элита, баламалы энергетика саласының сарапшылары қатысып жатыр.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары