- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Төрағасы Көкшетау студенттерімен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Көкшетау студенттерімен кездесті
«Жас белсенділермен жүздесу кезінде Спикер Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға сәйкес, мемлекетімізде болып жатқан басты өзгерістер, мәжілісмендердің заңнамалық жұмысы туралы, алдағы жоспарлар жайында әңгіме өрбітті», - делінген хабарламада.
Әсіресе, үш жылдық бюджетке байланысты заңнамалық құжаттарға, салық салу мәселелеріне, Астанада өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жағдайларына баса назар аударылды.
«Бүгінгі күні жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік қызметтер, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Бюджет және Салық Кодекстеріне өзгерістер енгізуге қатысты заңдар қабылданды», - деді Мәжіліс Төрағасы.
Одан әрі Мәжіліс Төрағасы қазіргі уақытта Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару Кодекстері, әкімшіліктік құқықбұзушылық туралы Кодекс, сондай-ақ, кәсіподақтар, меншіктік құқықты қорғауды күшейту, сот шешімдерін орындау жүйесін жетілдіру сынды маңызды заң жобаларының Палата қарауына енгізілгенін айтты.
Нұрлан Нығматулин депутаттардың заңнамалық бастамаларын да назардан тыс қалдырмады. Атап айтсақ, аз уақыт бұрын Мәжілістің кезекті жалпы отырысында тікелей депутаттық топ әзірлеген агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне қатысты заң жобасы мақұлданды.
Сондай-ақ, әлеуметтік бағыттағы заң жобаларын дайындауға баса көңіл бөлінеді. Олардың қатарында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоманттандыруды атап айтуға болады.
Жалпы алғанда, Мәжілістің 5-шақырылымы жұмысын бастаған 2012 жылдың қаңтар айынан бері, 163 заң жобасы мақұлданып, оның 151-не Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енген.
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды