- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 5700 тонна көкөніс сатып алынды
ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 5700 тонна көкөніс сатып алынды
Облыстық әкімдік отырысында облыстық тұрақтандыру қорының азық-түлікпен қамтылуы және алдағы уақытқа дайындығы қаралды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрақтандыру қорының жұмысы жайлы есепті тыңдай келе, облыстық Қоғамдық кеңесті тауарды сату барысына бақылау жүргізуге шақырды.
Биыл өскемендіктер үшін 1200 тонна картоп, 600 тонна орамжапырақ, 220 тонна сәбіз, 80 тонна қызылша және 400 тонна пияз сатып алынды. Барлығы 2500 тонна өнім сатып алынып, барлығы «Агрофирма «Приречное» ЖШС-де сақталатын болады.
Семей қаласының тұрғындары үшін 3200 тонна өнім сатып алынды. Олардың ішінде 1000 тонна картоп, 850 орамжапырақ, сәбіз 600 тонна, қызылша 150 тонна және 600 тонна пияз.
Әкімдік отырысында Өскемен мен Семей қалаларында тұрақтандыру қорының өнімін әлеуметтік бағамен сататын қосымша дүңгіршіктер орнатылатыны мәлім болды.
Айта кетсек, тұрақтандыру қорының өнімі 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың мамыр айына дейін сатылымда болады. Өскемен мен Семей қалаларында арнайы әлеуметтік сауда нүктелерінде баға тиімді болмақ.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Азық-түлік бағасы: өсу себептері, тұрақтандыру шаралары, елордадағы арзан азық-түлік сататын орындар -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Азық-түлік қауіпсіздігі: Тұрақтандыру қорлары мен бағаны тұрақтандыру шаралары
-
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды -
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды -
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды