• Басты
  • ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі 23 есеге өсті
27 Қазан, 2016 17:36

ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі 23 есеге өсті

ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі 23 есеге өсті. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
ОҚО-ның Сайрам ауданында 25 жылда ЖӨӨ көлемі  23 есеге өсті

Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр.

«Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті. Сүт өнімі 1991 жылы – 40684 тонна болса, 2016 жылы -160 мың тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті. Жұмыртқа 1991 жылы – 98500 болса, 2016 жылы – 142 мың данаға жетіп, 1,4 есеге өсті. Жүн 197 тоннадан 224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті», - деді С.Сапарбаев.

Баспасөз жиынында өзге де салалардағы жетістіктерге тоқталған аудан басшысы туризм саласы бойынша Сайрамда егемендік алғанға дейін жұмыс істелмегенін алға тартып, осынау тәуелсіздік жылдарында салаға ерекше көңіл бөлу арқасында ауданның табысты бизнес түрінің біріне айналғанын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Сайрамдағы Абылай хан ат басын тіреген Ханқорған төбесі, Сиқым баба, Жаныс баба кесенелері де халық игілігі үшін жұмыс жасауда екен. Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқандықтан Ақсу, Машат, Арыс өзендері мен Көлкент және Қырықкөл деп аталатын көлдер бойында демалыс нысандары көптеп бой көтеріп, келушілердің саны да жыл санап артып келе жатқаны баяндалды.    

Тілшілермен болған кездесуде Самат Айдарханұлы күнделікті халыққа қажетті тамақ өнімдерінің 20 түрінің 18-і, яғни, қант пен тазартылған күріштен басқа өнімдердің барлығы Сайрамда өндірілетінін мақтан етті. Барлық салалар бойынша даму көрсеткіштері жақсарып келе жатқан ауданда тамақ өнімдерінің 11 түрі ауданда артығымен өндірілетінін алға тартты.

Сондай-ақ, өз сөзінде коммуналдық, әлеуметтік, сәулет, құрылыс, білім, мәдениет, спорт салалары сынды өзге де бағыттағы жетістіктерді жеткізген аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасатынын жеткізді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды