- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 84,2% құрайды
Астанада балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 84,2% құрайды
Қ. Сенғазыев 2017 жылдан бастап балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде www.e.astana.kz сайты арқылы берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл мөлдірлікті қамтамасыз етеді. Ата-аналар үйлерінен шықпай-ақ, балабақшаларға арналған жолдамаға ие болады.
Бүгінде жүйе пилоттық түрде іске қосылған. Оған сәйкес жолдамалар мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаларға берілуде. Жолдамаларды мемлекеттік балабақшаларға беруге қатысты ата-аналардың дерекқорын өзектендіру мәселесі пысықталу үстінде. Ересек топтардағы балалар мектептерге барғаннан кейін бос орындарды бөлу жұмыстары жүргізіледі (әдетте жылына 1 рет, сәуір-мамыр айларында).
Анықтама: Бүгінгі таңда елордада 49 472 баланы қамтитын түрлі үлгідегі 260 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде: 95 – мемлекеттік; 2 – ведомстволық; 115 – жекеменшік; 48 – шағын орталық. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы балабақшаға кезек 25 550 баланы құрайды.
2016 жылдың 1 қазаны бойынша Астанада 0-ден 6 жасқа дейнгі балалардың саны 87 947 жетсе, оның ішінде 78 606 бала мектепке дейінгі мекемелерде орын алуға кезекке қойылған. Жылда туу көрсеткішінің және көші-қон үрдістерінің артуына байланысты мектепке дейінгі жастағы балалардың қатары көбейіп келеді. Күн сайын мектепке дейінгі мекемеден орын алуға кезекке 90 бала тіркеледі.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда