- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дүйсенова: Қазақстанда әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді
Т. Дүйсенова: Қазақстанда әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Мүгедектердің, жасы ұлғайған адамдардың және халықтың өзге де тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінің басым бағыттарының бірі.
Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде 100 мыңнан астам шын мәнінде көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты.
Биылғы жылы аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.
Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері ҚР ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыруға болатын ең үздік жобаларды анықтады.
Бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы Алматы қаласының тұрғыны Сергей Махашевке берілді. Қаржылай сыйлықтың көлемі 2 млн. теңге.
Екінші орынды «Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы иеленді. Оның авторы көкшетаулық Василий Шиманский 1,5 млн. теңгеге ие болды.
Үшінші орынға «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасының авторы, Астана қаласының тұрғыны Анна Рыль ие болды, қаржылай сыйлық көлемі – 1 млн. теңге.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылдар аралығында «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 495 өтініш қабылданып, оның 94-і өңірлік санатта жеңімпаз атанған болатын. Байқау жеңімпаздары жалпы санының 17 әлеуметтік жобасы өз қаражаты есебінен, 38-і демеушілер мен тартылған қаржы, ал 39-ы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады