- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді (ФОТО)
2016 жылдың 26 қазанында 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне пәтер кілті табыс етілді. Жаңа 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша тұрғызылды.
Салынған үй тұру үшін толығымен дайын. Пәтерлер кіріктірілген жиһазбен жабдықталған, сантехника орнатылды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасылары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.
Абаттандырылған аумақта ойын, балалар алаңқайы мен автомобиль тұрағы қарастырылған.
«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Біз көптен күткен пәтердің кілтіне ие болдық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жыл сайын жақсарып келеді. Бұл Жоғарғы Қолбасшымыз, Қорғаныс министрінің еңбегі екенін атап өткім келеді. Әскери қызметшілеріміз еш нәрсеге алаңдамай қызметтерін атқаратын болды. Себебі, пәтерлерде барлық жағдай жасалған», - деп 68665 ә/б взвод командирі аға лейтенант Әсет Әбілқасов атап өтті.
Қорғаныс министрлігі басшылығының қабылдап жатқан шараларының арқасында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің күнкөріс деңгейі мен әл-ауқаты артып келеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді