- Басты
- Жаңалықтар
- Израильдік инвесторлар ОҚО-да көлік-логистикалық салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі
Израильдік инвесторлар ОҚО-да көлік-логистикалық салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі
Аталған компанияның президенті – негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет – Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік – диагностикалық емхананың құрылысы, «ақылды» автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстарын ұсынды.
Израиль мемлекетінің ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердің Оңтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өңірімізде шетелдік кәсіпкерлердің жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардың жасалатынын жеткізді.
Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына сапары аясында аталған компания өкілдері өңіріміздегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді байқаған болатын. Қонақтар облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтар мен ауыл шаруашылығының дамуына қызығушылық білдірген.
Айта кетейік, әлемдік нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «YR-Mitrelli Group» серіктестігі кең ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компания болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік денсаулық сақтау, су, энергетика, білім беру, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда еңбек етеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді