- Басты
- Жаңалықтар
- Облыстағы салықтың 60%-ы шағын және орта бизнестен түседі – С.Ескендіров
Облыстағы салықтың 60%-ы шағын және орта бизнестен түседі – С.Ескендіров
«Облыстағы салықтың 60 пайызы шағын және орта кәсіпкерліктерден түседі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жергілікті кәсіпкерлерге үлкен қолдау болды. Соның аясында несиелер алынып, өндірістік инфрақұрылым жасалып, өзге де жұмыстар жасалуда. 4 жыл ішінде облыста аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 4 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 1 млрд 100 млн-ы биыл бөлінді. Мемлекеттік қолдау шаралары 2005 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктермен айналысатындарға 77 мыңнан 100 мың адамға дейін артты. Осы уақыт аралығында тауар өндіру 4 есеге дейін көбейді», - деді С.Ескендіров.
2013 жылдың 10 айында шағын және орта кәсіпкерліктер субьектілері тарапынан 238,9 млрд теңгенің тауары өндірілген.
Сонымен қатар, облыста рұқсаттама процедураларын оңтайландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 5 түрлі 104 рұқсаттама құжаты электронды түрге алмастырылды.
Облыс әкімінің айтуынша, аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Келер жылы аталымыш құжаттар түрін 30-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Ескендіров облыстың Ресей Федерациясының көршілес өңірлерімен әріптестік қатынастары жайлы да айтты.
«Облысымыздың географиялық орны Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған облыстарымен әріптестік құруға мүмкіндік береді. Аймақтың КО елдерімен тауар айналымы 70 пайызды құрайды», - деді әкім.
Оның айтуынша, Кедендік одақ елдеріне облыстан өндірістік тауарлар, метал бұйымдары және құрылыс материалдары тасымалданады.
Жалпы, әкімнің айтуынша, СҚО әлемнің 70 елімен әріптестік құрады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы