- Басты
- Жаңалықтар
- Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге үлкен мән береді - СІМ
Жапония Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге үлкен мән береді - СІМ
К. Ногами Орталық Азиямен ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі кеңес Төрағасы болып табылады және үкіметтік деңгейде Қазақстанмен және өңірдің басқа да елдерімен қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін үйлестіреді.
Бұл кеңес Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазанда Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдеріне жасалған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген жоғары уағдаластықтарды іске асыру тетігі ретінде құрылған болатын.
Е. Баударбек-Қожатаев сұхбаттасушыны халықаралық аренадағы екіжақты әріптестіктің негізгі аспектілерімен және Қазақстанның жаһандық бастамаларымен таныстырды.
Өз кезегіңде, К. Ногами жапон тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге және екіжақты саяси байланыстарға үлкен мән беретінін мәлімдеді. Ол Жапония Үкіметі Қазақстан аумағындағы жаңа перспективті экономикалық жобаларды іске асыру мен ядролық қаруды жою және оны таратпау саласындағы қазақстандық-жапондық өзара іс-қимылдарды одан әрі тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті.
Жапония Үкіметі Бас хатшысының орынбасары Қазақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сәтті сайлануымен құттықтап, БҰҰ шеңберінде жемісті ынтымақтастықтың болатындығына үміт артты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика