- Басты
- Республиканың 500-ден астам кәсіпорны мен ұйымдары «Парыз» байқауына қатысты
Республиканың 500-ден астам кәсіпорны мен ұйымдары «Парыз» байқауына қатысты

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып ұйымдастыратын «Парыз» байқауы биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласынан болды - 68. Екінші орында үміткерлер саны жағынан Павлодар облысы – 53, ал 47 өтінім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан қабылданды.
Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі (263) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына келіп түсті. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына 78 үміткер қатысты. 89 кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатысуға өтінім білдірді. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 71 өтінім қаралды.
Байқау аймақтық және республикалық деңгейде өтеді.
«Парыз» байқауының Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткер ие болады. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылғы желтоқсан айында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен оны ұлғайтуға негізделген. Жалпы, байқауға аталған уақыт аралығында кіші, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының 3 мыңнан астам өкілдері қатысты.
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
-
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары
-
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар
-
COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес

