- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта жеке кредиттік есептерді ұсынады
Қазпочта жеке кредиттік есептерді ұсынады
Енді қазақстандықтар кредиттік есептерін еліміздің 1688 пошта бөлімшесінен электронды-цифрлы қолтаңбасы мен интернетке шығу мүмкіндігі жоқ болса да ала алады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Пилоттық жоба 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облыстық филиалындағы 50 бөлімшеде іске қосылған. Қаңтар мен қазан айлары арасында Қазпочта бұл қызметті клиенттердің ыңғайына келтіру барысында қызметпен 1000 шақты адам қолданды. Нәтижесінде «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС мен Қазпочтаның ақпараттық жүйелерінің интеграция процессі жетілдірілді» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі бөлісті.
Серіктестік барысында «Қазпочта» АҚ жеке тұлғаларға «Кредиттің тарихын бақылау» мен «Кредит бойынша дербес есептерді» және заңды тұлғаларға «Корпоративтік кредиттік есептерді» ұсынатын болады.
«БКБ мен Қазпочта арасындағы серіктестік еліміздің ең қашық аумақтарында тұратын азаматтарымызға өзінің кредиттік есептемелерін білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік белсенділік саясаты мен серіктестер желісінің өсуінің нәтижесінде, 2016 жылдың басынан 145 мыңнан астам кредиттік есептер берілді. Ал «Қазпочта» АҚ –мен басталған стратегиялық серіктестіктің нәтижесінде келесі жылы бұл көрсеткішті екі есе көтеруге жоспарлаймыз» - деп Асем Нургалиева, Бірінші кредиттік бюроның бизнесті дамыту директоры баяндады.
Сонымен қатар, жыл бойы барлық қазақстандықтар ең алғаш кредиттік есебін тегін ала алады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды -
COVID-19 індетi және жеке жауапкершілік мәселесі -
Әрбір ипотекалық қарыз алушының өтініші жеке тәртіпте қаралмақ -
Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды -
Жеке меншік және шағын БАҚ-тың қоғамдағы рөлі ерекше – А.Балаева -
ҚазАқпарат «Карантин» деректі фильмін ұсынады