• Басты
  • Мемлекеттік хатшы Ақмола облыстық ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты
26 Қазан, 2016 13:09

Мемлекеттік хатшы Ақмола облыстық ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттік хатшы Ақмола облыстық ҚХА  кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Сапар барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы С.Кулагин, ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА және өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері және облыс жұртшылығы қатысты.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміз ширек ғасырда демократиялық мемлекет құруда ғаламат ауқымды істер атқарып, әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін алдына зор міндет қойғанын атап өтті. Республикада азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға қажетті алғышарттар жасалған.   

Г.Әбдіқалықова қоғамдық пікір қауымдастығында 100-ден астам көшбасшының басын қосып отырған Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын атап өтті. Бүгінде 40-тан астам этномәдени бірлестік «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыруға үлес қосуда.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды