• Басты
  • «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының бағалары қолжетімді болады – Жайымбетов
26 Қазан, 2016 12:58

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының бағалары қолжетімді болады – Жайымбетов

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бағалар мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерлердің бағаларына ұқсас болады деп ойлаймыз, деді ҚР ҰЭМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының бағалары қолжетімді болады – Жайымбетов

Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының ағымдағы бағалары туралы айта отыра, Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына көбірек бағдарланған барабар бағамен ерекшеленетініне назар аударды.

«Бәйтерек» салып жатқан тұрғын үйлердің бағалары барабар, несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде — бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында — бір шаршы метр үшін 180 мың теңге. Коммерциялық тұрғын үй — 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп санаймыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша да осындай бағалар болады деп ойлаймыз. Құрылыс материалдарының  80-90%-ға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар серпілісі болмауы тиіс. Ал таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе», — деп хабарлады Мархабат Жайымбетов. 

Бүгінгі таңда Қазақстан құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 70 тармаққа көтеріліп (2015 жыл қорытындылары бойынша 92-орын) 22-орынға ие болған Doing Business дүниежүзілік банк рейтингі жарияланғанын атап өту қажет. Жалпы, Қазақстан Doing Business рейтингінде 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болған, ал қазір 35-ші орынға дейін көтерілген. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды