- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жер»: Тұрғын үй құрылысы саласындағы басты бес жаңашылдық
«Нұрлы жер»: Тұрғын үй құрылысы саласындағы басты бес жаңашылдық
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов атап өткендей, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2020 жылға дейін 4,5 млн.ш.м тұрғын үй салу көзделген. Оның ішінде 1,7 млн. ш. м – жалға берілетін, 2 млн. ш. м – кредиттік, 0,8 млн. ш. м – коммерциялық тұрғын үй.
«Нұрлы жол» аясында баспана құрылысына 444,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Оны игеру «КИК» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, ЖАО және «Самырұқ-Қазына» АҚ-на жүктелген»,-деді Жайымбетов.
Оның айтуынша, биыл былтырғы жылмен салыстырған ел аумағында тұрғын үй құрылыс қарқыны артқан.
«Биыл 9 ай ішінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 13,6% артық. Оның ішінде көпқабатты үйлер 24,8% жеке тұрғын үйлер көлемі 4,6%-ға өскен»,- деді М.Жайымбетов.
Өсім бірінші кезекте, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы қабылданған шаралары арқасында мүмкін болды. 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша баспана алауға ниеттілер саны шамамен 2,3 млн. адам.Оның ішінде 400 мың адам – кезекте тұрғандар, 700 мың адам – ҚТҚЖБ салымшылары және 10 сотық жер алуға кезекте тұрғандар – 1,2 млн. адам.
«Нұрлы жер» бағдарламсының тұжырымдамасы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудың орнына ипотекалық кредит беруді дамыту, жеке тұрғын үйлерді салуға ынталандыруға бағытталған», - деп атап өтті Жайымбетов.
Осы бағдарламаның негізгі міндеттері: салынып жатқан тұрғын үй үшін, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына екінші деңгейлі банктер арқылы арзан ипотекалық қарыз беру арқылы сұранысты ынталандыруы; тұрғын үй салу үшін құрылыс компанияларына арзан несие беру арқылы ұсынысты ынталандыру; Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары үшін «револвьерлі» әдіс бойынша кредиттік тұрғын үй салу көлемін ұлғайту; әлеуметтік әлжуаз топтарға және еңбек күшінің оңай көшіп қонуын қамтамасыз ету үшін, тұрғын үйдің өңірлік қорын құру; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Қазіргі кезде Министрлік Бағдарламаның тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдар және түрлі ұйымдармен талқылап жатыр. Жобаны жұртшылыққа таныстырып, барлық пікірлерді елеп екшегенсоң Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілетін болады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы