- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері пробация туралы заңның қабылдану аясында оқудан өтеді (ФОТО)
ҚР пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері пробация туралы заңның қабылдану аясында оқудан өтеді (ФОТО)
Баспасөз қызметі хабарлағандай, пробация және сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы қызметтерінің қызметкерлеріне арналған алғашқы екі күндік оқу семинары 25 қазанда Өскемен қаласында басталған.
Мұндай семинарлар сот, прокуратура органдарының және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың тартылуымен республиканың төрт өңірінде: Өскемен, Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында өтеді деп атап өтілуде.
«ҚАЖ қызметкерлері пробация қызметін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және есепте тұрған азаматтарды оңалтудың кешенді стратегиясын дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ пенитенциарлық жүйе саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын зерттейді», - делінген хабарламада.
Одан басқа, ҚАЖ комитеті дайындаған пробация және тәрбие жұмысы қызметтері саласы бойынша әдістемелік ұсынымдар оларды қызметтік жұмыста одан әрі практикалық қолдану үшін таныстырылады.
Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі «Пробация туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау шеңберінде әзірлеген болатын. Заң жобаларының мақсаты – қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандарттарға, соның ішінде кінәлі адамдарға қайта әлеуметтендіру әсерін арттыру арқылы жақындату.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы