- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында құны 22 млрд теңге болатын 90 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады
Ақтөбе облысында құны 22 млрд теңге болатын 90 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады
Тексеру комиссиясының басшысы Сағат Еңсегенұлы 2016 жылдың 9 айындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік аудиттің 107 нысанында 13 аудиторлық іс-шаралар өткізілген.
Баяндаманы тыңдаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тексеру комиссиясының тиімді қызметі үшін, орын алған кемшіліктерге ғана назар аударып қоймай, сонымен қатар оларды жою мен алдын- алу бойынша өз ұсыныстарын енгізуі қажет екендіктерін атап өтті.
«Сіздер анықталған бұзушылықтардың қайталанбауы үшін талдау жасауларыңыз керек. Бұдан өзге, тексеру комиссиясы –бюджетті қадағалау үшін құрылған комиссия. Сіздің баяндамаңызға сай, негізінде мемлекеттік бағдарламалар аудитінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылған, алайда бұдан өзге де бағдарламалар бар емес пе. Тексеру комиссиясы олардың қолданылуын да бақылауы тиіс»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі тексеру комиссиясы тапқан бұзушылықтарды қатаң жазалау керектігін атап өтті.
Соңғы жылдары өңір билігі жаңа құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттаманың алдын-ала дайындалуына баса назар аударуда.
Себебі жасалған ЖСҚ болашақ жылдарға арналған бюджетті қаржыландырудың барлық көздерін салу үшін инвестиция тартуға мүмкіндік болып табылады.
Қазіргі таңда облыста жалпы құны 40,3 млрд. теңге болатын 127 жоба бойынша жасалған жобалық-сметалық құжаттама бар. Олардың қатарына білім, денсаулық, коммуналдық шаруашылық, спорт, мәдениет, ауыл шаруашылығы, МЖС саласына қатысты жобалар да кіреді. Бүгінде 90 жобаны жүзеге асыру үшін 22 млрд. теңге бөлу мақұлданған. Өңірдегі ЖСҚ құнын арзандату үшін 300, 600 және 900 орынға арналған орта мектептердің, 9, 5 және 1 қабатты тұрғын үйлер құрылысының типтік жобалары қолданылуда, сонымен қатар, 250, 320 орындық балабақшалар мен мектептерді қайта пайдалану жобалары да бар. Бұдан өзге жалпы құны 59,3 млрд. теңге болатын 131 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.
Жиналыс барысында аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында 2017-2020 жылдары 300-350 нысанның құрылысы жоспарланатыны айтылды, соған байланысты бағдарлама әкімшілеріне осы жылы бюджеттік тапсырыстарды салалық министрліктар мен ведомстволарға уақытында беру мақсатында ЖСҚ-ны жасау үшін қаражат қарастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, аталмыш саланың проблемалық сұрақтары қаралып, оларды шешу жолдары сөз етілді. Олардың қатарына ЖСҚ-ны жасауға қажет құжаттаманы тапсыру мерзімі, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кейбір тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындамауы және жобаларды қаржыландыруға қатысты сұрақтарды пысықтамауы сияқты мәселелер кіреді.
Жиын соңында аймақ басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Олардың қатарында ЖСҚ-ны жасау мерзімін жеделдету, оның ішінде пешпен жылытылатын мектептерді жоюға бағытталған жобалар, суармалы жерлер аумағын кеңейту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы бар.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі