- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын СҚО-нан Еуроодақ елдеріне 1,5-2 млн тонна астық экспортталады – С.Ескендіров
Жыл сайын СҚО-нан Еуроодақ елдеріне 1,5-2 млн тонна астық экспортталады – С.Ескендіров
«Ауыл шаруашылығы саласында өңіріміздің 44 пайызы, яғни 146 мыңнан астам адам еңбек етеді. Облыс экономикасының құрамында аграрлық сектордың үлесі 30% өңірлік өнімді құрайды. Халық санына шаққандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы өнім көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 404 мың теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Сонымен қатар, биыл астық жиыны да мол болып, 5 млн 200 мың тоннаны құрап отыр» - деді әкім.
Өңір басшысының айтуынша, ауылшаруашылық өндірісіне бөлінетін субсидия 2003 жылдан бастау алды. Осы уақыт аралығында ол 31 есеге дейін ұлғайған.
«Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысынан Еуроодақ, ТМД, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдеріне орташа есеппен 1,5-2 млн тонна астық сатылады. Соның ішінде 35 мың тонна дайын астық. 2013 жылы егістік алқабы өңір бойынша 4365,1 мың гектарды құрады», - деді облыс басшысы.
Оның мәліметінше, Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін көтеру бағдарламасы аясында облыста 21 тұқымды репродуктор мен 6,9 мың бас малға арналған 5 қора салынған.
«Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы елдің агроөнеркәсіптік секторының 4 пайыз аумағын алып жатқанына қарамастан, астықтың үштен бірін өндіруде. Биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан астық шығымы жоғары деңгейде болады деп күтілуде», - деді әкім.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді