- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ОҚО-да 1140 пәтер пайдалануға берілді (ФОТО)
Биыл ОҚО-да 1140 пәтер пайдалануға берілді (ФОТО)
Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды.
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды. Бұл саладағы қарқынның дамуына «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағалады.
Биылғы жылы ОҚО-да барлығы 1140 пәтер пайдалануға берілді, олардың жалпы көлемі 64 мың шаршы метрді құрайды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікті құрылысшыларды жағымды жаңалықтан хабардар етті. Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда мемлекеттік «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы іске қосылады. Яғни, еліміздегі құрылыс қарқыны екі есе көбейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 800 мыңнан асып кетті. Еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан өңірде биылғы жылы жетпіс үш мың бес жүздей балдырған мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондықтан да «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі жаңа мектеп құрылыстарын салу болып табылады. Биылғы жылы – 25 жаңа мектеп салу көзделген.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Достық» мөлтекауданында болып, 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысын тексерді. Жылдам өсіп жатқан мөлтекауданда жаңа білім беру мекемесінің ашылуын шәкірттер де, ұстаздар да асыға күтуде. Балалардың көптігінен жұмыс істеп жатқан мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды.
ОҚО еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардың 87 % ОҚО орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады. Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең үлкен және алдыңғы қатарлы жылыжай кешені - «Адель» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылықты өркендету үшін екі жарым миллиардтан астам теңге салынған.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар