- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақмола облысында «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 5,1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді
Биыл Ақмола облысында «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 5,1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 222 инфрақұрылым нысанын жүзеге асыру және 1 мың 400-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 766 азамат халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасатын болады. 1 қазандағы ақпаратқа сәйкес 1 мың 116 адам, оның ішінде 612 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтамасыз етілді.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу) 256 облыс тұрғындары жалпы сомасы 598 млн. теңгені құрайтын микронесие алды. 12 адам 32,8 млн. теңге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта микронесие алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (қоныс аудару мен жұмысқа орналасуға көмектесу және оқыту) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1286 адам қамтылып, оның ішінде 497 азамат жастар практикасына, 182 адам кәсіби білім алуға жіберілді, ал 607 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын іске асыруға 2016 жылы 128,4 млрд. теңге бөлінген болатын.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары