• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті мен ИЫҰ бас хатшысы халықаралық азық-түлік қорын ілгерілетуді талқылады

Қазақстан Президенті мен ИЫҰ бас хатшысы халықаралық азық-түлік қорын ілгерілетуді талқылады

25 Қазан, 2016 15:13
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына жұмыс сапары аясында Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ияд ибн Амин Маданимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Келіссөздер аясында  Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына қатысу аясында екіжақты қарым-қатынастың негізгі аспектілері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған  халықаралық  азық-түлік қорын ілгерілетуді талқылады, бүгінде қорға  32 ел кіріп  отыр.

Оған қоса, Ияд ибн Амин Мадани Елбасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Барлық жаңалықтар