- Басты
- Жаңалықтар
- 14 қазақстандық өндіруші Уфадағы сауда миссиясына қатысады
14 қазақстандық өндіруші Уфадағы сауда миссиясына қатысады
Құрылыс, тамақ, химия және машина жасау салаларын қамтитын 14 қазақстандық өндіруші ірі сауда желілерінің өкілдерімен, дистрибьюторлық және көтерме-бөлшек сауда компанияларымен бизнес кездесулер өткізеді, деп хабарлады ұлттық агенттік.
Сондай-ақ, Башқұртстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитет сияқты мемлекеттік органдар мен комитеттердің өкілдері медициналық жабдық өндірушілермен («Актюбрентген» ЖШС) және көпіршіктелген каучук негізінде оқшаулау материалдарын және шыныпакеттер өндіретін құрылыс компанияларымен («Стекло-сервис» ЖШС және «IT&M» ЖШС) келіссөздер жүргізуге және оларға қатысуға қызығушылық білдірді.
Кейбір компаниялар үшін бұл олардың мұндай форумдарға бірінші рет қатысуы емес, мысалы, «Аралтұз» ЖШС, «Концерн Бакарасов» ЖШС, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «IT&M» ЖШС Ресей Федерациясының басқа қалаларында өткізілген сауда миссиялары алаңдарында ресейлік компаниялармен бұрын келісімдер жасаған болатын және көрші мемлекет нарығына сапалы өнім жеткізуде.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 161,4 млн АҚШ долларын құраған, оның көп бөлігі (146 905,3 млн долл) - мұнай және мұнай химиясы өнімдерінің экспорты, 15 млн АҚШ долларға жуығы (14 465 млн долл) – импорт.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады