- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Үкіметі жыл соңына дейін ЖІӨ өсімін 0,5 %-ға шығаруға мүдделі
Қазақстан Үкіметі жыл соңына дейін ЖІӨ өсімін 0,5 %-ға шығаруға мүдделі
«2016 жылдың 9 айы бойынша экономикалық өсімнің оңтайланғанын байқадық. Жыл соңына дейін біз Елбасының ЖІӨ өсімін 0,5 пайызға жеткізу тапсырмасын орындаймыз. Бұл орайда жоспарды орындауымыз толық сенімге ие. Инфляция дәлізі 6-8 пайызын ұстай отырып, осы төңіректе жұмыс істейміз. Кей жерлерге түзетулер енгізуіміз мүмкін», - деді Б. Сағынтаев.
Үкімет басшысы айтып өткендей, өнеркәсіптік оң дәрежеде болуына қарамастан, машина жасау, темір рудасы мен құрылыс саласында бірқатар мәселелер бар.
«Елбасының тапсырмасы бойынша орталық органдар мен әкімдіктермен бірігіп бізде бар резервтер бойынша жұмыс істеу жүктелді. Әрбір жеке кәсіпорын бойынша жұмыс істеу қажет болады», - деді Премьер-Министр.
Осы орайда, Б.Сағынтаев Үкімет мүшелеріне осы мәселені шешуді тапсырды.
«Асқар Ұзақпайұлы (Мәмин – премьер-министрдің бірінші орынбасары) сізге осыған дейін министрліктер мен әкімдіктерді жинап селекторлық жиналыс өткізу тапсырылған болатын. Біз 0,5 пайыз деңгейде қалмау үшін кімнің қандай резерві бар. Барлық негізгі индекаторлар жүзеге асырылуы тиіс», - деді Б.Сағынтаев.
Айта кетейік, Қазақстаның ЖІӨ-сі 2016 жылдың 9 айында 0,4 пайызды құрады.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды