• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде КО-тағы транспорт саласының кедергілерін жою мәселесі талқыланды

Мәскеуде КО-тағы транспорт саласының кедергілерін жою мәселесі талқыланды

6 Желтоқсан, 2013 11:55
Кеше, 5 желтоқсанда Мәскеуде Кедендік Одақ пен Бірыңғай Экономикалық Кеңістік елдерінің транспорт министрлері кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметі.

«Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясының инфрақұрылым және энергетика министрлігі мүшесі Даниял Ахметовтың төрағалығымен Қырғызстан мен Арменияның транспорт министрлері қатысқан Кедендік Одақ пен Бірыңғай Экономикалық Кеңістік елдерінің транспорт министрлері кеңесінің жиыны өтті», - делінген хабарламада.

Кездесудегі басты тақырып Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасының «Транспорт» бөлімі болды. Өйткені дәл сол жерде тараптардың жалпы ұстанымы қарастырылған.

«Әзірге халықаралық автомобиль тасымалын либерилизациялау мерзімі мен тараптардың негізгі бағыттарына ортақ келісім құра алмадық. Айта кету керек, тараптардың барлығына ерекше маңызды болып табылатын мұндай мәселелерді талқылауда транспорттың осы түрін дамыту туралы алдағы уақытта ортақ келісімге келеміз деп ойлаймын», - деді Д.Ахметов.

Жиынға қатысушылар Кедендік Одақ пен Бірыңғай Экономикалық Кеңістік елдерінің арасындағы жүк тасымалы мен транспорт саласындағы кедергілерді жою жоспарын қарастырды.

Сонымен қатар, кездесуде темір жол қатынасы қызметін реттеу туралы Келісімді іске асыру шаралары талқыланды. Оның құрамына тариф саясаты мен Кедендік Одақ шекарасының сыртындағы транспорттық бақылау туралы Келісім де бар.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе «Бірыңғай Еразиялық Аспанды» құру бойынша Жол картасы жобасы. Шараға қатысушылар бұл бастамаға кіріспес бұрын алдымен терең ғылыми зерттеулер жасалуы крек деген ортақ пікірге тоқтады.

Жиын қорытындысында тиісті хаттамалық шешімдерге қол қойылды.

Барлық жаңалықтар