• Басты
  • Д. Ақышев: ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта қоры жыл басынан бері 3,5 млрд долларға өсті
25 Қазан, 2016 11:29

Д. Ақышев: ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта қоры жыл басынан бері 3,5 млрд долларға өсті

2016 жылғы қыркүйек айының қорытындылары бойынша Қазақстанда инфляция - 0,2% деңгейінде, ал жыл басынан бері 5,6% деңгейінде қалыптасқан, бұл дағдарысқа дейінгі кезеңнің көп жылдық мәндеріне сәйкес келеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысы барысында.
Д. Ақышев: ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта қоры жыл басынан бері 3,5 млрд долларға өсті

«Жылдық инфляцияны 8% деңгейге дейін жеткізу қажет – бұл Ұлттық банктің негізгі басымдығы, онсыз инвестициялық белсенділікті жаңарту және ұлттық валютадағы реурстар бойынша мөлшерлемені төмендету мүмкін емес. 2016 жылғы қыркүйек айының қорытындылары бойынша инфляция - 0,2% деңгейінде, ал жыл басынан бері 5,6% деңгейінде қалыптасты, бұл дағдарысқа дейінгі кезеңнің көп жылдық мәндеріне сәйкес келеді. Жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға алдағы үш-төрт айда қол жеткізу мүмкін деп санаймыз», — деді Д. Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуы бойынша, көп жылдан бері алғаш рет бейрезиденттер тарапынан ноталарға сұраныс пайда болды, бұл ұлттық валюта бағамының тұрақтануы мен пайыздық мөлшерлемелердің баламалылығына қатысты сенімділікті көрсетеді. Ақышев ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақты екеніне назар аударды, қыркүйектің соңында теңгенің биржалық бағамы жыл басынан бері 1,3%-ға нығайып, АҚШ доллары үшін 335,46 теңгені құраған.

Қазіргі уақытта нарықта теңге бағамының күнделікті елеусіз өзгеруі байқалады, осы ретте Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен қалыптасатын іргелі трендке кедергі жасамайды.

«Ұлттық банк 2016 жылғы қыркүйектен бастап валюта нарығына араласпайды, сәйкесінше, біздің қатысу үлесіміз 0%-ды құрайды. Теңге бағамы қазіргі уақытта оң динамикаға ие іргелі факторлардың әсерімен қалыптасады», — деп мәлімдеді Д. Ақышев.

Теңгенің өзгермелі бағамы саясаты, оның айтуы бойынша, қорларды біртіндеп қалпына келтіру үрдісін бастауға мүмкіндік берді. Ұлттық банктің алтын-валюта қорлары қыркүйек соңында 31,4 млрд долларды құрады, жыл басынан бері өсім 3,5 млрд долларды құраған. Алтын-валюта қорлары көлемдерінің ұлғаюы, негізінен, осы жылдың 9 айы ішінде 25%-ға өскен алтын бағасының өсуімен және ҚР Ұлттық банкі 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асырған ішкі валюта нарығында шетелдік валютаны алумен қамтамасыз етілген.

Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 млрд долларды құрайды, ел қорларының жалпы сомасы 95,8  млрд АҚШ долларына немесе ЖІӨ-нің 7%-ына жеткен. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды