- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов 2016 жылдың соңына межеленген бюджеттік мақсаттар туралы айтты
Б.Сұлтанов 2016 жылдың соңына межеленген бюджеттік мақсаттар туралы айтты
«Жыл соңына дейін 379 млрд теңгеге бюджет нақтыланды. Қайта бөлуді ескере отырып, игерілетін жаңа ақша 589 млрд теңгені құрайды. Олар экономикалық өсім мен әлеуметтік жобаларды қосымша күшейтеді.Әкімшілердің барлық жоспарлары бекітіліп те қойылды.Жаңа қаржының 84%-ы қазан және қараша айларында игерілетін болады. Алғашқы төлемдер сомасы 2,2 млн.теңгеге ағымдағы жылғы 19 қазанда Премьер-Министр Кеңсесі бойынша жүргізілген.Төлемдер жүргізу қарқыны өсіп келеді. 20 қазанның өзінде жүргізілген төлемдер көлемі 56 млрд теңгені құрады. 15,0 млрдтеңге Инвестициялар және даму министрлігі бойынша («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту), 36,5 млрд теңге Білім және ғылым министрлігі бойынша («Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ға нысаналы салым), сондай-ақ жылу-энергетикалық және газ тасымалдау жүйелерін дамытуға 3,3 млрд.теңге (Энергетика министрлігі), агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін субсидиялауға – 0,7 млрд.теңге (Ауыл шаруашылығы министрлігі) бөлінді», - деді министр.
Министр айтқандай, бұл үшін Қаржы министрлігінің порталында қадағалау жүйесі енгізілді. Мемлекеттік органдар қараша айында шарттарды тіркеуді аяқтауы және толығымен игеруді қамтамасыз етуі қажет.
«Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі күн сайын бюджеттің кірістері мен шығыстарын, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасын және бюджетті нақтылау кезінде берілген қаржыны атқару мониторингін жүзеге асырады», - деді ол.
Министр айтып өткендей, келер жылдың бюджеті бойынша жұмыс істеу маңызды мәселе.
«2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдау туралы республикалық бюджет комиссиясының шешімі бар. Меморгандар сатып алу кестесін жасауға кірісе алады», - деді Б. Сұлтанов.
Қорытындысында, ведомство басшысы министрлік жыл соңын сәтті әрі сапалы аяқтауға дайын екенін жеткізді.
Ботагөз Айтжанова
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы