- Басты
- Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді
Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді

«Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Айта кетерлігі, ең қиын кезеңді бірінші тоқсанда өткердік, ол кезде экономиканың түсімі 0,4 пайызды құраған еді, маусым айынан бастап экономика өсімінің қарқыны тұрақтанды», - деді министр.
«Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр», – дейді министр.
Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өсті.
Ол сонымен қатар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өнеркәсіп өсімінің жоғарғы қарқыны байқалатындығын айтып өтті.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0%-ға ұлғайту есебінен шамамен 5%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5%-ға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9%-ға артты.
«Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғайған қарқыны есебінен 13,6%-ға өсті», - деп мәлімдеді министр.
«Ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі Маңғыстау облысын қоспағанда 13 өңірде байқалып отыр, Маңғыстауда 12,3 пайыз түсім байқалып отыр. Ең жоғарғы көрсеткіш Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстанда байқалып отыр», - деді ол.
Индира Кауметова
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді. Бұл туралы темір жол жолаушылар тасымалы саласында билет сату жүйесін дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдықөзов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
03 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады
Елордада II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Шара еліміздің энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктері туралы халықты хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында халықаралық энергия үнемдеуге орайластырылған басты қорытынды алаң болып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 14:31
-
Д.Ахметов: ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді
Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша өткен баспасөз мәжілісінде өңір әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қараша 2019, 13:37
-
Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек нарығының дамуы туралы айтты
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова Дубай қаласындағы VI Білім саммиті аясында өткен «Тұрақты үкіметтер» сессиясы барысында Қазақстандағы еңбек нарығын жаңғырту туралы баяндады.
20 Қараша 2019, 16:57
-
Елордаға газ қашан келеді
Тұтынушылар үшін түпкі баға астанада үш негізгі факторға байланысты түзіледі. Біріншісі – жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу бағасы, ол бойынша батыс кен орындарынан, Теңіз газдан газ алу жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе кен орны топтамасы. Бағасын Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп реттейтін болады. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 15:45
-
Қазақстанда киім өндірісі 7,5% артты
Бүгінде елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына айтарлықтай назар аударылып отыр. Статистикалық деректерге тоқталсақ, ағымдағы жылдың 10 айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9% - ға өсіп, 87,5 млрд. теңгені құрады.
19 Қараша 2019, 10:50
-
М.Тұяқбаев: Қазақстанда 83 мың адам жол-көлік апатынан қаза тапты
Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейін Қазақстанда 83 мың адам жол-көлік апатынан қаза тапқан. Бұл туралы елордада өткен жол-көлік оқиғаларының құрбандарын дүниежүзілік еске алу күніне арналған баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
15 Қараша 2019, 13:40
-
Р.Дәленов: Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 4,4 пайызға өсті
Елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 4,4 пайызға өсті. Бқл жөнінде Үкімет отырысында биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 10:25
-
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамыды
Әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік қызметі Қазақстанда тамырын жаюда. Аталған бағыт бүгінгі таңда АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Польша, Оңтүстік Корея сияқты шет елдерде заңнамалық деңгейде алға жылжып, белсенді дамып келеді.
01 Қараша 2019, 15:41
-
Қазақстанда «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығы өтеді
Қазақстанда креативті, гуманистік және шығармашылық адамдар арасында жаңа бағыт – әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың еңбегін қоғамдық мойындау, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару мақсатында алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ózgerіs ustasy республикалық сыйлығы өткізілмек.
01 Қараша 2019, 14:38
-
Ә.Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы елдер тобымен кездесті
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурамен және елде тіркелген БҰҰ агенттіктері мен бағдарламаларының басшыларымен кездесті.
01 Қараша 2019, 11:24
-
В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста
Қазіргі таңда Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
30 Қазан 2019, 14:33
-
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақ Тәжікстанға тапсырылды
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсыру салтанаты өтті. Бұл борт Тәжікстандағы Airbus Helicopters алғашқы тікұшағы болып табылады. Тікұшақты «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС (50%) мен Airbus Helicopters компаниясы (50%) бірлесіп жинады.
29 Қазан 2019, 09:07
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды