• Басты
  • Шымкентте жыл соңына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды
25 Қазан, 2016 14:32

Шымкентте жыл соңына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды

Шымкентте жыл соңына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шымкентте жыл соңына  дейін  230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды

Өңірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Абылаев  9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты. 

Сонымен қатар баяндамашының мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соңына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.

Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.

Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерінің 2816-на жылу берілген. Ал өңірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын  2278 көпқабатты тұрғын үйдің 2118-не  жылу беріле бастады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі  барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды