- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Заманауи ақпараттық технология және АТ-білім беру» атты I Ұлттық конференция өтті
Алматыда «Заманауи ақпараттық технология және АТ-білім беру» атты I Ұлттық конференция өтті
«Конференцияда ЖОО-да АТ-білім беру, АТ мамандарын дайындау және АТ саласындағы кәсіби талаптарды дайындау жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстандық АТ компаниясы қауымдастығының Президенті Нұрлан Исиннің айтуынша, АТ компаниялары кәсіби стандарттарды дайындауға белсенді араласулары керек, өйткені кұні ертең осы талаптармен оқитын мамандар осынау компанияға жұмыс істеуге келеді.оның айтуынша, ҰТҚ директоры Евгений Малишевский да кадрларды дайындау жұмысы нарықтың сұранысына сай жүргізілуі керек деген ұсынысты қолдап отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Малайзия, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь пен Украинаның АТ мамандарын дайындау тәжірибесі жайлы көпшіліктің ойы ортаға салынды. Беларусь Республикасы білікті АТ мамандарын дайындауға бағытталған корпоративті білім беру бағдарламасын енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Қызу талқылау кезінде ЖОО мен колледждердің білім беру бағдарламаларындағы АТ компанияларының сертификаттау курсын құру мүмкіндігі де айтылды. «ЖОО мен колледждердің білім беру бағдарламаларындағы АТ компанияларының сертификаттау курсын құрар болсақ, ол өз кезегінде АТ білім беру жүйесін жақсартар еді», - деген ойын айтты Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің доценті, технология ғылымдарының кандидаты Филиппович Андрей Юрьевич.
Қазақстандық бизнес-қауымдастық өкілдері мен әлемдік озық АТ компаниялары да конференцияға қатысты. Олар өз кезегінде Беларусь Республикасындағы білім беру орталықтары мен АТ мамандарын тартудың өзекті мәселелерін, Cisco желілік академиясы арқылы ортақ білім беру кеңістігін құру мен INTEL халықаралық білім беру жүйесі үлгісіндегі АТ саласындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен даярлау жөніндегі пікірлерін айтты. Олар сөздеріне дәлел ретінде Қазақстанда жыл сайын Cisco халықаралық білім беру жүйесінен 1000 адам білім алатынын алға тартты.
«Зерде» басқарма төрағасы орынбасары Бикеш Құрманғалиеваның айтуынша, қазіргі таңда АТ мамандықтары түлектері мен қазақстандық экономиканың қажеттілігінің арасындағы үлкен айырмашылыққа куә болып отырмыз.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді