• Басты
  • Еліміздің колледж студенттерінің 20%-ы жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады – ҚР БҒМ
24 Қазан, 2016 16:34

Еліміздің колледж студенттерінің 20%-ы жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады – ҚР БҒМ

Колледждерде 498,9 мың адам білім алады, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша не бары 97,7 мың адам немесе барлық құрамның 20%-ы білім алады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында.
Еліміздің колледж студенттерінің 20%-ы жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады – ҚР БҒМ

«Елімізде 807 колледж, 29 оқу-өндірістік комбинаты, 58 кәсіпорындардың жанындағы оқу орталығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің 15 әскери-техникалық мектеп филиалы жұмыс істейді. Даярлық 183 мамандық және 400-ден астам біліктілік бойынша жүргізіледі. Колледждерде 498,9 мың адам, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 97,7 мыңға жуық адам немесе жалпы құрамның 20%-ы білім алады. Негізінен барлығы тегін оқиды, бұл 2016 жылы заңнама түрінде бекітілген. Орта буын мамандықтары бойынша 401,2 мың адам немесе жалпы құрамның 80%-ы білім алады, соның ішінде  144,6 мың адам – мемлекеттік тапсырыс бойынша (36%), 256,6 мың адам – ақылы негізде (64%)», — деп атап өтті Э. Суханбердиева «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының «Білім және ғылым» сараптамалық тобының «Кәсіптік-техникалық білім» кіші тобы отырысында оқыған өз баяндамасында.

Оның айтуы бойынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 242,3 мың адам немесе жалпы құрамның 48%-ы білім алады. Жастардың көпшілігі — 256,6 мың адам немесе 52%-ы — ақылы негізде білім алады. Осы ретте ақылы білім беру өндірістік базаға емес, гуманитарлық мамандықтарға бағдарланған.

«Біз бірінші нысаналы топты анықтадық: бұл экономикалық және заң мамандықтарын қоспағанда, ақылы негізде түсетін өткен жылдар мен 9 және 11 сыныптардың 4 мың түлегі, сондай-ақ жыл сайын біліктіліксіз қалатын 21 мың түлек. Олардың саны 65 мың адам — бұл қосымша. Біз техникалық және кәсіптік білім беруді тегін ұсынудың жаңа тетігін әзірледік. Егер бұрын мектеп бітірушілер жұмысшы біліктілігіне немесе орта буын мамандығына мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе ақылы негізде түссе, жаңа модель кезінде жастарға жұмысшы мамандығын алу, сондай-ақ орта буын мамандығын алу шеңберінде жұмысшы біліктілігін алып, еңбек нарығына шығу мүмкіндігі беріледі. Алдымен, гранттар жұмысшы мамандықтары үшін беріледі, ал қалғандары басқа мамандықтарға бөлінеді», — деді вице-министр.

Болашақта жаңа модель бойынша қабылдау 160 мың адамды, жұмысшы мамандықтарына – 40 мың, 2 жұмысшы біліктілігін ала отырып, орта буын мамандықтарына – 80 мың, сондай-ақ экономикалық және заң мамандықтарына 20 мың адамды құрайды. Осы ретте ҚР БҒМ жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты 2 есе ұлғайтуды мақсат етіп қояды. Келесі жылы да ыстық тамақтану, стипендиялар, жол жүру ақысы және жатақханалар түрінде әлеуметтік қолдауды көздеу жоспарланып отыр.

«Жобаның екінші нысаналы тобы - 642 мың адам: бұл 550 мың біліктілігі жоқ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан шығарылған 55 мың студент. Оларды кәсіптік оқыту колледждердің, оқу орталықтарының, әскери-техникалық мектептер филиалдарының базасында жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту орталықтары мектептердің, колледждердің және жоғарғы оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуын тұрақты мониторингілеуі үшін  олардың ЖСН ақпараттық дерекқорын ықпалдастыру ұсынылады», — деп хабарлады Э. Суханбедиева.

Оқу мерзімі мамандықтардың күрделілігіне қарай 1 айдан 6 айға дейін құрайды. Курс аяқталғаннан кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі куәлік, сертификат алады, ал әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім алушылар жұмысшы біліктілігі туралы куәлік алады.

Еске сала кетейік, ҚР БҒМ қысқа мерзімді болашақта жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты жылына 40 мыңнан 80 мыңға дейін екі есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 2017 жылы гранттар бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарына, соңғы кезекте, гранттар жетсе, экономикалық және заң мамандықтарына беріледі деп ұсынылады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды