- Басты
- Жаңалықтар
- Я. Пейшэн: Тәуелсіздіктің 25 жылы – Қазақстанның ұлт игілігі
Я. Пейшэн: Тәуелсіздіктің 25 жылы – Қазақстанның ұлт игілігі
«Тәуелсіздіктің 25 жылы – ел үшін үлкен оқиға. Елде тәуелсіздік жылдары ішінде көп нәрсе жасалды, бұл Қазақстанның, ұлттың бүтін игілігі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қалыптасуы мен дамуында шешуші рөл атқарды және бұл туралы шексіз айта беруге болады. Қазақстанның ойластырылған әрі дана ішкі және сыртқы саясаты әсер қалдырады. Ішкі экономикада кейбір қиындықтар бар, бірақ оның барлығы әлемдік дағдарыстың әсері. Осы ретте дағдарыс Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, Қытайда да байқалады. Бізде де экономиканың өсуінің бәсеңдеуі орын алуда», - деді Я.Пейшэн.
Осыған байланысты, сарапшы «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасын атап өтті.
Қытай дипломатының айтуы бойынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларының арқасында әлемдегі танымал әрі беделді елге айналды.
«Қазақстан ел Президентінің басқаруымен халықаралық дауларды бақылап қана отырмай, оларды реттеу үшін барлық шаралар қабылдауда. Адамзат үшін қазір ең бастысы – жаһандық қауіпсіздік. Қазақстан аумағы жағынан – үлкен, ал халық саны жағынан – кішкентай ел. Бірақ дипломатия стилі мен жетілуі, қол жеткізген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады», - деп атап өтті Я. Пейшэн.
Сонымен бірге, сарапшы Қазақстанның дипломатиясы инновациялар рухымен, тұрақты белсенділікпен ерекшеленетінін де айтып өтті.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды