• Басты
  • Жаңалықтар
  • Щучинск қаласында Бурабай курорттық аймағын дамытудың болашағы талқыланды

Щучинск қаласында Бурабай курорттық аймағын дамытудың болашағы талқыланды

6 Желтоқсан, 2013 11:05
Ақмола облысының Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Ақмола облысы әкімдігінің, өңірдің қонақ үй кешендері мен шипажайлар өкілдерінің қатысуларымен, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының басым бағытын анықтау жөніндегі сапарлық кеңесі өтті, деп Туризмді дамыту комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеңесте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индістриясы комитетінің тапсырысымен, Қазақстандық индустрияны дамыту институты әзірлеген Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелі жоспарының таныстыру рәсімі өтті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, меморгандарының өкілдері Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің инженерлік инфрақұрылымының нысандарымен, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарымен, құрылыстарымен және жаңарту, су қоймаларын тазалау жұмыстарымен танысты.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің ақпары бойынша: «бүгінгі сапарлық кеңесте алынған ұсыныстар Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған жоспарын қалыптастыруда ескерілетін болады.

 

 
 

Барлық жаңалықтар