• Басты
  • Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс – сарапшы (БЕЙНЕ)
24 Қазан, 2016 17:13

Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс – сарапшы (БЕЙНЕ)

Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс, деді Ресей Федерациясының Мемлекеттік федералды ет өнеркәсібі институты оқыту орталығының жетекшісі Михаил Трифонов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс – сарапшы (БЕЙНЕ)

«Қазақстанға тәжірибе алмасу мақсатында келдім, Қазақстандағы ет нарығының жағдайы мен Ресейдегі ет өнеркәсібінің дамуы туралы ақпарат алмасамын. Ет шикізатына қандай талап қойылатынын және Ресей аумағына ет тасымалдау үшін қандай талаптарды орындау керектігі жайында пікір алмасатын боламын», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, қазір Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсіптері бар, сондай-ақ, фермерлік  шаруашылықтардың саны да жеткілікті.

«Ет шикізатын Ресей аумағына жеткізу үшін өнім ресейлік стандартқа, не болмаса мемлекетаралық стандартқай сай болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстан мен РФ-да  өнім нарығында  тауарлардың айтарлықтай көп түрін кездестірдім. РФ-да шошқа еті мен шұжық етін өнідіретін шаруашылықтардың қатары жеткілікті. РФ-да бұл өнім түрі нарықтың  10 пайызын құрап отыр. Ресей нарығын айтатын болсақ, ет өнімін жеткізу, халал өнімін жеткізу, тауар қатарын  өсіру үшін  шұжық етін көбейтіп, шошқа етін өңдеуді арттыру қажет», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ұлттық стандартты мемлекетаралық стандартқа көшіру қарастырылған. Бұл стандарттар әрбір елде қарастырылады.

«Әрбір мемлекет бұл стандартқа қосылатын болса, барлық талапты орындайтын болады. Барлық ел бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді», - деді ол.

Ресейде де  отандық етті қолданады, қазір шикізатты Қытайға өткізу мүмкіндігі тұр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Индира Қауметова

Видео: Азамат Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды