- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ерімбетов: Мемлекет пен ҮЕҰ өзара байланысы тең құқылы серіктестік негізінде құрылады (ФОТО)
Н.Ерімбетов: Мемлекет пен ҮЕҰ өзара байланысы тең құқылы серіктестік негізінде құрылады (ФОТО)
Оның айтуынша, биылғы жылдың 25 қарашасында VII Азаматтық Форумын өткізу бойынша дайындыққа арналған баспасөз конференциясы өтті.
Форумға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдері, өңірлік және республикалық ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар өкілдері, дипломатиялық миссиялар басшылары, сарапшылық қоғамдыстық және БАҚ өкілдері қатысады.
Аталған шараның алдында облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ҮЕҰ-ның өңірлік Форумдары өтуде. Өңірлік Форумдарда өңір алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары анықталатын болады, республика масштабындағы ұсыныстар пысықталады, Қазақстанның VII Азаматтық Форумына делегаттар сайланады.
Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!» республикалық акциясы өткізіледі. Әр өңірлік форумда бір бастамадан ұсынылатын болады, оның шеңберінде ҮЕҰ-лар бірге бірлесе отырып, өңірдің нақты проблемасын шешуді өздеріне алатын болады. Өңірлердің 16 бастамасына қосымша, 9 республикалық ҮЕҰ әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша 9 бастаманы ұсынады. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!» Республикалық Акциясы басталады.
Шара барысында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі. Конкурс әлеуметтік проблемаларды шешудегі инновациялық тәсілдерді анықтауға бағытталған. Жәрмеңке 15 қазан мен 15 қараша аралығында өтеді. Жобаның үздік идеясының авторы 1 млн. теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталады.
Сондай-ақ, «Таным» республикалық конкурсы басталған. Конкурс ҮЕҰ жетістіктерін көпшілікке мойындатуға бағытталған. Конкурс жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. 14 номинация бойынша марапттау салтанаты Форум шеңберінде өтеді.
Форум бағдарламасына ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі, Қазақстанның VII Азаматтық Форумының пленарлық отырысы еніп отыр. Отырыс барысында «Қазақстанның ҮЕҰ-ның этика кодексін» қабылдау және VII Азаматтық Форумы ұсыныстарын пысықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Н.Ерімбетовтың айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы Қоғамдық кеңестерді дамыту мақсатын алға қойып отыр.
Жоба өңірлік Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша олармен серіктестік өзара іс-қимыл жасауға, халықты Қоғамдық кеңестер арқылы шешімдер қабылдау процесіне тартуға бағыталған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі