СҚО-да 2020 жылға дейін 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады –С.Ескендіров

6 Желтоқсан, 2013 11:11
Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылға дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

 «Біз биылғы жылғы тұрғын үй құрылысы көлемін былтырғыға қарағанда 48% арттырдық. Соңғы 10 ай ішінде ғана құрылыс көлемі 24,4 млрд. теңгені құрады, ал бұл 2012-жылғы осы мерзімге қарағанда 105% көп», - деді ОКҚ баспасөз конференциясы барысында әкім С.Ескендіров.

«Бағдарлама аясында («Қолжетімді баспана - 2020») 2013-жылы облыс бойынша барлығы 113 мың ш. метр тұрғын үй немесе 1252 пәтер беріледі. Бүгінде 600 отбасы қоныс тойын тойлап та үлгерді», - деді облыс әкімі.

С.Ескендіровтың сөзіне қарағанда, соңғы 10 жыл ішінде жыл сайынғы тұрғын үй құрылысы 122 мың ш. метрді құраған, бұл 2003-жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп (43 мың ш. метр), ал 2020-жылы бұл көрсеткіш 272 мың ш. метрді құрайтын болады. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары бойынша 2020-жылға дейін 1,4 млн. ш. метр тұрғын үй іске қосылатын болады, ал бұл 18 мың отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз.

 

Барлық жаңалықтар