- Басты
- Жаңалықтар
- Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануда барлық әлемді біріктіреді
Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануда барлық әлемді біріктіреді
«Қазақстанда әлем бойынша ұқсастығы жоқ көрікті жерлер бар. «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы, өз кезегінде, елдің туристік кластерін шетелде таратып түсіндіретін болады. Біз көрменің жер шарын сақтау үшін болашақ энергиясын пайдалануға дайындықта әлем мен барша адамзатты біріктіретін оқиға екенін көріп отырмыз, себебі біздің көрмеміз «Болашақтың энергиясы» қамқорлығымен өтуде», - деді ол.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні туризм әлемі географиялық таптаурыннан алыстап бара жатыр, енді көптеген туристер белгіленген тур-бағдарларды таңдайды.
«Әлемнің туроператорлары туристік бағдарларға адамдардың жаңа тәжірибе мен әсер алу жүйесі ретінде қарайды. Бүгінгі таңда туристерді Алматы, Алматы облысы, Бурабай, Байқоңыр, Маңғыстау, Балқаш көлі қызықтырады. Біз Жапониядағы көрмеге қатыстық, жапондық тур-операторлардың біреуі Жапония бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сату жөніндегі бас агент болуға ниет білдірді, Кореядағы туроператорлармен де дәл осындай келісушілікке қол жеткізілді», - деді Р. Асанбаева.
Ол атап өткендей, мұндай үлкен қызығушылық «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты туындаған.
«ЭКСПО-2017» - бұл барша ел болып қолға алынған ұлттық жоба. Қазір біз осы қарқынды үзбей, біртіндеп, көрмеден кейінгі әсерді қалай сақтап, жалғастыру керектігін үлгі ретінде көрсетіп жатырмыз. Еуропада біз аса танымалдылыққа ие болдық, себебі Қазақстанның Миландағы павильоны танымал болғаны соншалықты, тіпті адамдар қазақстандық павильонға қатысу үшін 8 сағаттан кезекте тұрған», - деді Р. Асанбаева.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады